Хиджаб киіп жұдырықтасатын қыз жекпе-жектен кейін қайтыс болды

BBC мәліметінше, 26 жастағы спортшы қыз кикбокс ережесі бойынша Fast and Furious Series турнирінде нокдаунға түсіп, жарақат алған еді. Ислам дінін ұстанатын спортшы басындағы орамалымен жұдырықтасатын. Жекпе-жектен кейін ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, өкінішке қарай дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 

Хэмпшир графтігінің полициясы бұл оқиға бойынша іс қозғады. Ал турнир ұйымдастырушылары оның қауіпсіз өтуі үшін барын салғанын мәлімдеген.