Хиджап киген қыздың бір жігітпен жыныстық қатынаспен айналысқан видеосы тарады

Бейнероликті Фейсбуктегі "ЖАҒА ҰСТАТТЫ!!!" тобына Rich King есімді қолданушы жариялаған. Оны талқылап жатқандардың бір бөлігінің пікірі "хиджаптағы қыздардан да осындай қылық шыға ма?" дегенге саяды.

Енді біреулер бұл видеоны өшіріп тастауды сұраса, біреулер бұлар үшін бүкіл Исламға күйе жағуға болмайтынын айтуда. Мысалы,  Serik Sakhanov есімді қолданушы былай деп жазыпты:

"Қандай бiр мұсылман адам күнә жасаса, ол Исламның кемшiлiгi емес. Ислам дiнi пак. Содан кейiн бұл қазақ мұсылмандары емес. Тагы кәмелетке толмаған. Одан кейiн нақты шешiнiп жасап жаткан жок. Бiр құмалақ бір қарын майды шiрiтедi, ойлары толыспаған ақымақтардың iстерiне иманды қыздар жауапты емес".