Хилари Клинтонның алдағы президенттік сайлауға қатысуы ықтимал

«Алдағы жылдың алғашқы күнінен соң сайлауға түсу-түспеуімді шешуге бел будым»,-деп мәлімдеді Клинтон Мексика астанасына барған сапарынан соң. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Хилари Клинтон  2016 жылы өтетін сайлауда АҚШ президенті лауазымына лайықты бірден-бір кандидат болып есептеледі.

Мамыр айының  ортасында Ipsos компаниясының жүргізген сауалнамасында АҚШ азаматтарының көпшілігі  Клинтонды президенттік сайлауда жеңіске жетеді деп есептейтіндіктерін айтқан.  66 жастағы Клинтон бұл жоғары лауазым үшін күреске түсетіндігін әзірге ашып айтпай отыр.