ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталес Астанада салынып жатқан ЭКСПО нысандарын аралайды

Сапар аясында бүгін В.Лоссерталестің «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесуді жоспарланған.

Мәртебелі мейманның сапарына орай, ұлттық компания тарапынан да бірқатар таныстырылымдар әзірленіп отыр, оның барысында көрменің тақырыптық павильондарының сипаттамасы, сондай-ақ халықаралық қатысушыларды тарту барысы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар Бас хатшы ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде өткізілетін бұқаралық іс-шаралар мен маркетинг мәселелерін талқылауға қатысады.

Бұдан бөлек, екі күндік сапары шеңберінде ХКБ басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесуі күтіледі.

Сапар қорытындысы бойынша 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде ХКБ бас хатшысы В.Лоссерталестің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың қатысуымен брифинг өтетін болады.