ХХ ғасырдағы қазақ өнері жауһарларының көрмесі Лондонда өзінің жаңа маусымын ашады

Көрме 2010 жылғы қыркүйектің 1-і мен 8-і аралығында Лондонның орталығында орналасқан Christies аукцион үйінің көрме залдарында өткізіледі. Қазақ және орыс өнерінің біртума жауһарларынан келушілер қазақтың ұлттық көркемөнер мектебінің қалыптасу тарихы мен дамуынан мағлұмат ала алады.

ҚазАқпарат тілшісіне Ресей мен ТМД елдеріндегі Christies аукцион үйінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қастеев мұражайының елу сурет туындысын белгілі қазақ меценаты Нұрлан Смағұловтың жеке жинағындағы қазақстандық «алпысыншы жылғылар» мен қазіргі суретшілердің өнері паш етілген жиырма бес өнер туындысымен толығады.