ХХV Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарына Қазақстаннан 42 спортшы қатысады


Олардың үшеуі "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамының тәлімгерлері. "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамы Спорт басқармасының бастығы Николай Князевтың айтуынша, бұл байрақты бәсекеде динамошылардан фристайлда шығыс қазақстандық Андрей Соколов, Денис Мойсев және Дарья Рыбалова бақ сынамақ. Андрей мен Дарья сондай-ақ, 7-Қысқы Азия ойындарында да ел намысын қорғайтын болады.