Хлықаралық турнирде қазақстандықтар 3 күміс, 2 қола медаль олжалады

Онда ел намысын 7 спортшы қорғаған еді. Олардың арасынан Айдар Әмірзақов (60 кг), Айдар Шәрібаев (64 кг) пен Рустам Сыбаев (69 кг) күміс, ал Дәурен Елеусінов (75 кг) пен Данияр Үстембаев (91 кг) қола жүлдегер атанды. Ақтық сында Айдар Әмірзақов пен Рустам Сыбаев жарыс қожайындарына, ал Айдар Шәрібаев ресейлік боксшыға есе жіберді. Жарыс қорытындысында бейресми командалық есепте 6 алтын олжалаған алаң қожайындарының мерейі үстем болды. Одан кейінгі орынды бір-бір алтын еншілеген Ресей мен Филиппин боксшылары иеленді.