ХОК Президенті: Азиаданың барлық спорт нысандары қазіргі заман талабына сай


Бұған дейін Астанада болған құрметті мейман қаладағы спорт нысандарына көңілі толғанын және Азияда ойындарының өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

«Қазір шаңғымен тұғырдан секіру кешенін көріп отырмын. Қаланың ортасында өте керемет салыныпты. Бұл спортшылардың жаттығу өткізуіне де өте қолайлы. Жалпы, Қазақстандағы 7-Қысқы Азия ойындары қарсаңында салынған спорт нысандардың бәрі заманауи талапқа сай деп ойлаймын. Қазақстан спорттың дамуына көп көңіл бөліп жатыр», - дейді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге.

Оның айтуынша, Қытай, Катар, Ресейде өткен байрақты ірі бәсекелер мұнда спорттың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын аңғартты. Бұл бағытта Қазақстаның да мүмкіндігі өте орасан.