«Халықаралық Олимпиада комитеті басшысының уақытының қысқалығына қарамастан, Қазақстанға келуі біз үшін маңызды үлкен оқиға. Біздің болашақтағы Олимпиада ойындарын қабылдау әлеуетімізге үлкен баға беруі зор қуаныш. Сондықтан біздің Олимпиада өткізуге деген ынтамыз өте жоғары», - дейді Павел Новиков.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Жак Рогге мырзаға баяндаған. Алда әлі де атқарылатын жұмыстың да көп екенін де тілге тиек еткен көрінеді. Оның айтуынша, осы беделді спорт ұйымының қолдауымен Қазақстанның алдағы уақытта әлемдік үлкен-үлкен спорт додаларын өткізуге мүмкіндігі бар. Осы бағытта ХОК-пен болашақта ынтымақтастықта табысты жұмыс істеуге үмітті болып отыр.