«Олимпиада ойындары көптеген жастарды спортпен айналысуға, өз армандарын іске асыруға итермелейтіні сөзсіз. Енді дәстүрге сәйкес мен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаймын және жастарды 4 жылдан соң Рио-де-Жанейрода қайтадан бас қосуға шақырамын», - деді Ж.Рогге.
«Құрметті спортшылар, Сіздер бүкіләлемдік аудиторияның ілтипаты мен мадағына лайықсыздар және 3000 жыл бұрын Олимпия шыңында басталған Ойындардың тарихында жаңа тарау қалдырдыңыздар. Сіздер әділдіктеріңіздің, қарсыласқа деген құрмет-сыйластықтарыңыздың, сондай-ақ жеңістерде де, жеңілістерде де көрсеткен абыройлы қылықтарыңыздың арқасында олимпиадашылар атануға әбден лайықсыздар. Бұл бақытты және ұлы ойын болды», - деп түйіндей келе, ХОК президенті Ж.Рогге Олимпиада ойындарының қожайындары - британдықтарға шексіз алғысын білдірді.
Айта кетейік, ашылу салтанаты 27 шілдеде болды. Олимпиада жарыстары барысында 205 делегация спортшылары 302 жиынтық жүлдені сарапқа салды.