ХОК Ресейді тағы да Олимпиада медальдарынан айырды


Найза лақтырушы Мария Абакумова алтыннан, жүйрік Денис Алексеев 4×400 м эстафетасында олжалаған қола медалінен айырылды.

Спортшылар WADA тыйым салған стероид туринабол қабылдаған, деп хабарлады The Associated Press.

ХОК стероид қабылдады деп күдік тағылған екі ресейлікті жарысқа қатысу құқығынан айырды: Лондонда 2012 жылғы Олимпиадасының қатысушысы - велошабандоз Екатерины Гниденко мен Бейжіңде алтыншы нәтиже көрсеткен жеңіл атлетші Инга Абитова.