Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан төрт команда белгілі болды. Сейсенбі күні кешке топтық кезеңдегі соңғы екі матч өтті. Ресей құрамасы жарыс иесі Беларусь командасын 2:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде Чехия құрамасы 5:4 есебімен овертаймда Франция командасын сүріндірді. Ширек финалға шыққан жұптар: Канада - Финляндия, АҚШ - Чехия, Ресей - Франция, Швеция - Беларусь. Ширек финалдық ойындар 22 мамыр күні өтеді.