Хоккей: «Барыс» клубы «Нефтехимикке» жол берді

өз айдынында «Нефтехимик» командасынан ұтылып қалды.

Қызықты да тартысты өткен бұл ойында «Барыс» хоккейшілерінің басымдығы бірден байқалды. Ойынның алғашқы кезеңінде олар қарсыластың қақпасына қырғидай тиіп, қарқынды шабуалдарын үдете білді. Бірақ шайба сала алмады. Екінші кезеңде «Нефтехимиктің» хоккейшілері есеп ашты. Дегенмен, ойынның аяқталуына алты минут қалған кезде, Роман Старченко таразы басын теңестірді. Осы жерде біздің жігіттер сәл босаңсып кетті. Оны ұтымды пайдала білген қарлыстартар контршабуылды шебер орындап, бір минуттың ішінде алға шықты. Есеп 1:2.

Үшінші кезеңде «Барыс» ойынды өз қолына алды. Төрт минут өтпей, қарсыластарың қақпашысын қапы қалдырып, есепті 2:2 болып теңестірді. Алайда алға шыға алмады. Осымен үшінші кезең де аяқталды.

Овертаймда «Барыс» бір шайбаны жіберіп қойып, «Нефтехимикке» жол беруге мәжбүр болды. Есеп 2:3. Осымен «Барыс» бесінші рет жеңіліп отыр.