Кешегі ойынның қорытындысы - 3:2. Соңғы төрт кездесуде «Барыс» жеңілістен көз ашпай келген. Ол «Динамо», «СКА», «Авангард» және «Ақ Барстан» оңбай ұтылған еді. Осы жолы да Құрлықтық хоккей лигасының чемпионы «Салават Юлаевке» жол беріп қояды деген болжам болған. Бірақ біздің хоккейшілер намысты қолдан бермеді. Таразы басын теңестіріп, овертаймға жеткізбей, алға шықты. Бқл ойында Талғат Жайлауов «Барысқа» жеңіс әкелген соңғы үшінші шайбаның авторы атанды.
Осы ойыннан кейін «Барыста» 4 ұпай бар. Шығыс конференциясында ол 11 орында келеді. Келесі кездесу 17 қыркүйекте «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен болады.