Хоккей: «Барыс» мәскеулік «ЦСКА» құрамасын тізе бүктірді

Ойынның алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңнің басында қарсылас команда Виталий Еремеевті қапы қалдырып, бірінші шайбасын салды. Бірақ он минуттан кейін «Барыс» таразы басын теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шықты. Ал үшінші кезеңнің соңында Константин Руденко үшінші шайбаның авторы атанды. Ойынның нәтижесі - 3:1. Осылайша, «Барыс» өз қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, биылғы лига барысында сырт алаңда алғаш рет жеңіске жетті. Қазір олардың 8 ұпайы бар.

«Барыс» келесі ойынды ертең, қыркүйектің 22-сі күні Чехияның Прага қаласында жергілікті «Лев» құрамасымен өткізеді.