Хоккей: «Барыс» өз айдынында «Торпедо» командасымен тартысқа түседі

Бүгінде ҚХЛ кестесінде «Торпедо» хоккейшілері Батыс конференциясында 55 ұпаймен 5 орында тұр. Ал елордалық «Барыс» 56 ұпаймен Шығыс конференциясында 7 орында тұрақтады.

Осының алдындағы ойында нижегородтық команда Челябинскінің «Тракторына» 0:2 есебімен ұтылған болатын. Ал «Барыс» мәскеулік «Динамоны» айқын басымдықпен жеңді.

ҚХЛ аясында бүгінгі қарсыластар 9 рет кездесіп, оның алтауында астаналықтар ұтқан еді. Ағымдағы маусымның басында олар Нижний Новгородта тартысқа түсіп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.