Хоккей: «Барыс» өз алаңында «Витязь» командасын ұтты

Ойынның бірінші кезеңінде командалардың қарқыны тең болды. Тек екінші кезеңнен бастап айдын иелерінің басымдығы байқала бастады. Атап айтқанда, астаналық команда қонақтардың қақпасына бірнеше мәрте қауіпті сәттер туғызды. 17- минутта «Барыс» командасы есеп ашты. Ал үшінші кезеңде «Витязь» командасының шабуылы үдей түсті. Алайда, қонақтардың тегеурінді шабуылына қарамастан астанылық команда тағы бір шайба салып, есепті есейлей түсті.