Хоккей: «Барыс» сырт алаңда чехтың «Арыстанын» айқын басымдықпен жеңді

Бүгінде чехтың «Арыстаны» («Лев») өз тобында көш бастап тұр. Оған қарамастан, «Барыстың» жігіттері ойынның алғашқы үш минуты өтпей, есеп ашты. Талғат Жайлауов бірінші шайбаның авторы атанды. Одан кейін Брэндон Боченски қарсыластың қақпасына екінші шайбаны кіргізіп, есепті 2:0-ге дейін жеткізді. Чехтың «Арыстаны» тек екі нәтижелі шабуылды ғана іске асыра алды. Бірақ ойын барысында қазақстандық хоккейшілер таразы басын 4:2-ге дейін жеткізіп, тізе бүктірді. Мұнда да Брэндон Боченски және Найджел Доус ерекше көзге түсті.

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 24 қыркүйек күні Братислава қаласында жергілікті «Слован» хоккей клубымен өткізеді.