Кездесудің 8 минутында айдын иелері сапынан Страка адам саны басымдығын пайдаланып есеп ашты, 1:0. Алайда, дәл осындай басымдық жағдайында жерлестеріміздің қатарынан Савченко 11 минутта есепті теңестірді. Ойынның 46 минутында басымдықтарын ұтымды пайдалана білген «Северсталь» ойыншылары есепті еселеді - 2:1, шайба иесі Жмакин. Қарсыластар сапынан Цветков «Барыс» ойыншылары санының басымдығына қарамастан, 55 минутта соңғы нүктені қойды - 3:1.