Айта кеткен жөн, Донецк қаласының хоккей клубы соңғы ойында лиганың бүгінгі фавориті - «СКА» (Санкт-Петербор) командасын 4:2 есебімен жеңген болатын. «Барыс» оған өз алаңында 2:5 есебімен ұтылған еді. Дегенмен, бұл - астаналық клубтың 7 матчта бір-ақ рет жеңілген кезі. «Донбасс» болса, 8 ойында үш рет жеңіліс тапқан. Қазір ол жалпы турнирлік кестеде 12-ші орында (13 ұпай) тұр. Ал «Барыстың» хоккейшілері осы уақытқа дейін 18 ұпай жинап, кестенің үшінші орнында орналасты. Олар өздерінен жоғары тұрған екі команда - «СКА» (Санкт-Петербор) мен «Динамодан» (Мәскеу) екі ойынға кем ойнаған. Аталған құрамалар ұпай саны жағынан да алыс кеткен жоқ. «СКА»-да 22 ұпай болса, мәскеулік «Динамода» 19 ұпай бар. Демек, бүгінде «Барыс» үшін бірінші орынға шығуға толық мүмкіндік бар.
Ертеңгі «Барыс» - «Донбасс» ойыны Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.