Айта кеткен жөн, биыл Құрлықтық хоккей лигасына алғаш рет қосылған «Донбасс» командасы осы уақытқа дейін 16 ойын өткізіп, 6 кездесуді жеңіспен аяқтады. Оның еншісінде 16 ұпай бар. Бобров дивизионында ол 6-шы орында келеді.
«Барыс» болса, соңғы екі ойында өз қарсыластарын ойсырата ұтып, 26 ұпаймен Чернышев дивизионында 2-ші орынға көтерілді. Біздің хоккейшілер 17 ойынның 8-інде жеңіс тұғырынан көріне білді.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» - «Донбасс» кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.