Құрлық хоккей лигасының плей-офф сындары аясында бұған дейін «Барыс» хоккейшілері «Трактормен» екі рет кездесіп, барлық ойындарда қарсыласынан басым түсті. Жалпы есеп - 2:0. Плей-оффтың ережесі бойынша төрт рет жеңген команда келесі айналымға өтеді. Сондықтан «Барысқа» тағы екі ұпай жинау қажет.
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде кешкі сағат 19.00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.