Хоккей: Буллит нәтижесі бойынша «Барыс» «Торпедо» командасынан ұтылып қалды


Ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» командасы есеп ашты, қонақтардың қақпашысы Бернд Брюклерге Талғат Жайлауовтың серпіген шайбасын ұстап қалу мүмкін болмады. Осы кезең астаналық команданың басымдығымен аяқталды. Ал екінші кезеңде «Торпедо» командасы хоккейшілерінің шабуылы үдей түсті және осының нәтижесінде олар қорғаушылар мен қақпашының осал жеріп тауып, есепті теңестірді. Доданың үшінші кезеңінде торпедолықтар есепті еселей түсті. Өкінішке орай осы уақыт ішінде «Барыс» командасының үш ойыншысы әрбір екі минут сайын айып орнына жіберілді (42-ші минутта - Фадеев, 45-ші минутта - Даллмэн, сондай-ақ 47-ші минутта - Романов). Әупіріммен асталық команда жинақталып, қонақтармен есепті теңестірді. Осыдан кейін белгіленген қосымша уақытта қос команда да басымдықтарын көрсете алмады. Ал буллит тартысында қарсылас команда хоккейшілерінің серпіген шайбасы «Барыс» командасының қақпасынан табылып, осы ойынға нүкте қойды. Енді келесі ойын 25 қарашада «Барыс» пен омбылық «Авангард» командасының арасында болады.