Хоккейшінің допинг сынамасы бірінші дивизионда әлем чемпионатын өткізу кезінде 17 сәуірде алынған еді. Тексеру нәтижесінде 31 жасар форвардта тыйым салынған сальбутамол препараты анықталды.
Соларёвтің өзі бұл препаратты өкпесімен проблема болғаннан кейін қабылдағанын алға тартуда. Алайда тәртіптік комитетке тыйым салынған препарат шабуылшының ойын нәтижесіне әсер етпегендігі жөнінде айғақ ұсынылмады. Осы арқылы И. Соларёв 2015 жылдың 31 шілдесіне дейін ИИХФ бастамасымен өткізілетін жарыстарға қатыса алмайды.