Хоккей: Крикунов кете ме?

«Автомобилисті» мықты қарсылас деп айтуға болмайды. Себебі соңғы 24 ойында ол төрт-ақ рет жеңіп, қалған матчтарда ұтылған болатын. Оның еншісінде 16 ұпай бар. Харламов дивизионында «Автомобилист» ең соңғы орында тұр. Айта кеткен жөн, 28 қазанға дейін бұл команданы «Барыстың» бұрыңғы бапкері Андрей Шаянов жаттықтырды. Команданың төмен көрсеткіштері үшін оны отставкаға жіберген болатын.

Оған қарағанда, «Барыстың» жағдайы жаман емес. Команданың еншісінде 32 ұпай бар. Бірақ бұл команда соңғы бес ойында қатарынан жеңілді. Сарапшылардың айтуынша, «Барыс» бүгінгі матчта да жеңілсе, оның бапкері Виктор Крикунов та отставкаға кетуі әбден мүмкін.