Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, құжаттың күші екіжақты келісімнің негізінде жойылды. Құрлықтық хоккей лигасының 2012-2013 жылғы кезеңі басталғалы бері Ф.Савченко 12 матчта өнер көрсетіп, 3-ақ нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол «Барыс - 2» мен «Снежные барсы» командаларының құрамында ойнап, 6 шайба салып үлгерді.
Айта кетейік, Ф.Савченко - Ресейдің азаматы. Ал өзіміздің Роман Савченко өз орнында қалып, «Барыстың» намысын қорғап жүр.