Ойын тағдырын түгелімен өз қолдарына алған Жапония құрамасы кездесу басталысымен-ақ басымдылықтарын танытты. Бірінші таймда 4:0 есебімен ұтқан жапон қыздары екінші бөлімде де жауапсыз 3 шайба соғып, есепті ұлғайтты. Үшінші тайм басталысымен 22 нөмірлі жапон ойыншысы М. Шишиучи 8 шайбаның иесі атанса, 3 минуттан соң К. Аоки есепті 9:0 жеткізді. Үшінші кезеңнің 53 минутында 13 нөмірлі М. Фуджимото Жапония құрамасының 10-голын соқты.