Хоккей - жастар арасында әлем чемпионатында Канада құрамасы алтын алды

Валерия Брагин жаттықтыратын ресейлік команда ойын басталысымен 2 минуттың ішінде бірден екі гол өткізіп алды. Соған байланысты бапкер қақпашыны да ауыстырып жіберді. Салдарынан бірінші айналым канадалықтардың басымдығымен (2:1) аяқталды. Екінші және үшінші айналымдарда тең есеп тіркелді - 3:3 және 0:0.Жалпы есеп - 5:4.

Жастар арасында әлем чемпионаты (U20). Финал.

Канада - Ресей - 5:4 (2:1, 3:3, 0:0)

1-0. Дюклер (Доми), 00.23.


2-0. Пол (Пойнт, Виртанен), 02.32.

2-1. Юдин (Голышев, Дергачев), 09.20.

3-1. Макдэвид (Моррисси), 25.08.

4-1. Доми, 27.22

5-1. Доми (Райнхарт), 32.30.

5-2. Барбашев (Бучневич, Юдин), 34.21 - бол.

5-3. Толчинский (Голдобин, Валиев), 34.53.

5-4. Голдобин (Толчинский, Каменев), 37.37.

Біріншіліктің қола медалі Швеция құрамасын жеңген Словакияға бұйырды.