Айта кетейік, Солтүстік Корея құрамасы бұған дейінгі екі кездесуінде де жеңіліс тапқан болатын. Алдымен Қазақстан хоккейшілерінен 0:3 есебімен ұтылған олар, одан кейінгі ойынында Қытай құрамасына 1:8 есебімен жол берді.
Оңтүстік Корея құрамасы да алдымен Жапониядан 10:0 болып ұтылса, екінші кездесуінде Қазақстан құрамасынан 11:0 есебімен жеңілді.
Ойынның бірінші кезеңі басталды. Кездесудің 8-минутында Солтүстік Кореяның 12-нөмірлі ойыншысы О. Ос есеп ашса, 9-минутта 7-нөмірлі К. Ли таразы басын теңестірді. Есеп әзірге 1:1.