Ойынның алғашқы кезеңі датчандардың жойқын шабуылымен басталды. 8-минуттің өзінде қазақстандық қақпаға шайба түсірген Маркус Лауридсен ерекше көзге түсті. Біздің голкипер Павел Полуэктов оған ешқандай қайрат жасай алмады - 0:1. Алғашқы бесминуттік соңына дейін Дания құрамасы 0:3 есебімен артықшылығын ұлғайтты, шайбаны түсіргендер Янник Хансен мен Никлас Йенсен.
Ойынның екінші кезеңінде Найджел Доус Брэндон Боченскидің өз аймағынан тамаша беруімен қақпашымен жекпе-жек келіп, шайбаны қақпаға өткізді - 1:3.
Бұдан 6 минуттан кейін датчандар есеп айырмашылығын ұлғайдды.
Николай Элерс сол қанаттан маневр жасап, дәл соққымен шайбаны қазақстандық қақпаға бағыттады - 1:4.
Қорытынды кезеңде датчандар артықшылықты ұлғайтпақшы болғанымен, қазақстандықтар бұған жол бермеді.
Бұдан бұрын Латвия командасынан ұтылған Андрей Назаровтың жігіттері ТОП-дивизионмен қош айтысты.
Одан бұрын Қазақстан іріктеу тобында Ресей (4:6) мен Норвегиядан (2:4), Швеция (3:7) мен Чехиядан (1:3). ұтылған болатын. Біздің команда Швейцарияға қарсы алғашқы матчында буллиттер бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетуінің арқасында ғана бірден-бір екі ұпайды місе тұтты.
Қазақстандық құрама осымен төртінші рет жоғары дивизиннан төртінші рет ұшып кетті: 2010, 2012 және 2014 жылдары да қазақстандық команда өз тобында көш соңында қалып, мәртебесі төмен дивизионға ауысқан болатын.