Хоккейден Қазақстан құрамасы Австриямен жолдастық кездесуде екінші жеңіске жетті

Владимир Крикунов басқаратын бізідң хоккейшілер бірінші ойын сияқты, екіншісін де белсенділікпен бастап, алғашқы болып есеп ашты. З-ші минутте австриялықтардың қақпасына шайбаны Вадим Краснослободцев түсірді, оған Максим Семенов пен Талғат Жайлауов көмектесті.

27-минутте Федор Полищук Жайлауовтың берген шайбасымен қазақстандық құраманың артықшылығын еселеді. Дегенмен екінші кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда қарсыластар тарапынан Грегор Баумгартнер бір шайба салып үлгірді. Үшінші кезеңде екі команда да есепті өзгерте алмады, сонымен есеп 2:1 болып, қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.