Хоккейден ҚР қыздар құрамасы басты бәсекелестерінің бірімен кездесуде


Айта кетейік, Жапония құрамасы 7-Қысқы Азия ойындарының жеңімпаздығына үміткер команда. Олар бұған дейінгі Оңтүстік Кореямен өткізген ойында 10:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Қазақстан құрамасы да әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Жерлестеріміз әуелгі ойында КХДР қыздарын 3:0 есебімен ұтса, келесі Оңтүстік Кореямен ойында 11:0 есебімен айқын басымдылық танытқан еді.