Хосни Мүбаракқа үкім қарашада шығарылмақ

Мүбарак  2011 жылы Мысырда билікке қарсы ереуілге шыққан жүздеген адамның өлімі үшін айыпталып отыр. Бұған қоса жемқорлығы тағы бар.

Бұдан бұрын Хосни Мүбаракқа өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілген еді. Кейінірек сот бұған дейін іс қаралу кезінде біршама қателіктер кеткендігін алға тартып, істі қайта қарауға шешім қабылдаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік,  850-ден астам адам қаза тапқан бүліктен соң ол биліктен айырылған. Қазіргі күні жасы ұлғайып әрі денсаулығы сыр бергендіктен әскери госпитальда жатыр.