Төтенше жағдайлар министрі хостелдегі төтенше жағдайға байланысты Алматыға ұшып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына бірінші рейспен ұшып кетті", - деп хабарлады Алматы ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.