Христиандар мұсылмандармен қосылып бір апта ауыз бекітті

Ирак елінде тұратын христиан дінінің өкілдері мұсылмандарға қолдау білдіру мақсатында қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасын ораза тұтумен өткізді, деп хабарлайды muslim.kz. Олардың бұлай істеуіне халдо-католиктік шіркеу басшысы патриарх Луис Рафаэль І Саконың үндеуі себеп болғанға ұқсайды.

«Христиандар да бұл күндері ауыз бекітіп, Таяу Шығыс пен Иракта бейбітшілік болуын тілеп, дұға жасаулары тиіс. Ораза мен дұғаның әсері қаншалықты екенін христиандар жақсы біледі», - деген болатын ол.

Мұсылман қауымына терең құрметтерін танытқан халдо-католиктік шіркеу жамағаты бұнымен тоқталмай, босқындар үшін 50 мың доллар қаржы да жинап беріп отыр.