30 жастағы әйел 12 сәуір күні «Уют» қонақ үйінің маңынан табылды, деп хабарлады облыстық ІІД.
Жеке таксидің жапа шеккен жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Нәзікжанды өзіне шабуыл жасаған жеткіншектердің түр-түсін айтып, берді, тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді.
«16 және 17 жастағы екі жігіт уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК 185 бабы «айдап әкету» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ІІД баспасөз қызметкері Ардагер Уайдин.
Айдалып әкеткен көлікті полицейлер қала сыртынан тапты.