Хромтауда "Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы" шахтадағы жарылыс салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды

"Ақтөбе облысының Хромтау қаласында "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы - Дон тау-кен байыту комбинатының аумағында "Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы" шахтада 18 наурызда 13 сағат 30 минутта забойдағы жарылыс жұмыстарын өткізу кезінде заряд жарылып, шахтақұрылысы цехының бір жарғыш маманы жарақаттанды. 65 кенші эвакуацияланды", -деп хабарлайды ТЖМ.