Олар Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасына 2:3 есебімен есе жіберіп, жалғыз ұпайды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде көш соңында келе жатқан қызылжарлықтар («Есіл») үздік үшінші орында келе жатқан Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командасын 3:1 есебімен ұтып 3 ұпай олжалады.
Ал төртінші орындағы атыраулықтар да өздерін өкшелеп келе жатқан Оралдың «Конденсатына» 2 ұпай жіберіп алды. 7 ақпандағы бірінші кездесуде «Алматы» жарыс қожайындарын, «ТНК «Қазхром» «Есілді» 3:1 есебімен ұтып 3 ұпайдан еншілеген еді.
«Атырау» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командаларының ойыны 2:3 боп аяқталып, өскемендіктер 2 ұпайды қанағат тұтқан. Қазір ұпай қоры алматылықтарда - 44, хромтаулықтарда - 38, өскемендіктерде - 26, атыраулықтарда - 20, қызылжарлықтар - 13, оралдықтарда - 11.
Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша өткен 3 турдың нәтижесіне қызылжарлықтар ғана өзгеріс енгізіп, оралдықтардан 2 ұпайға ұзап шықты. Өзге 4 команда турнир кестесіндегі өз орнын сақтауда.