"Сіздің жетекшілігіңізбен тәуелсіздік жылдары еңбекқор және данагөй Қазақстан халқы өзінің қажырлы және жасампаз еңбегінің арқасында дамудың дұрыс жолын таңдай білді.
Қазір Қазақстанда экономика тұрақты дамуда, халықтың әл-ауқаты жақсаруда, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталуда, халықаралық сахнада елдің тұғырнамасы нығайып келеді.
Біз мемлекеттілікті нығайту және елді дамыту бойынша қазақстандықтардың қол жеткізген табыстарына шын жүректен қуанамыз.
Биылғы жылдың тамызында болатын Пекин Олимпиадасында Сіздің болатыныңызды және Пекинде Сізбен кезекті рет кездесуді күтемін", - деп көрсетілген Қытай басшысының Н. Назарбаевтың атына жолдаған жолдауында.