Тәжікстан үкіметінің жанындағы кеден қызметінің Согди өңірлік басқармасы бейсенбіге қараған түні қшақ жолаушыларының қол жүгі мен жүгін тексеру кезінде 46 жастағы Худжанд тұрғынының жүктерінің арасынан жержаңғақ салынған полиэтилен дорбаның ішінен ерекше иісі бар ұнтақ затты тапты.
Зертхана тексерулері оның салмағы 1 кг 161 грамм героин екенін анықтады.
Бұл дерек бойынша Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.