ХВҚ Украинамен арада 14-18 млрд доллар беру туралы келісімге қол қойды

14-18 млрд долларға несие ашу жайында келісті, деп хабарланған қор миссиясының баспасөз хабарламасында, миссия сол елде 4-25 наурыз күндері қызмет еткен болатын.

Жалпы алғанда халықаралық қоғамдастық Украинаға алдағы екі жыл ішінде 27 млрд доллар бермек.

Бұл келісімдерді әлі ХВҚ басқарушы органдары мақұлдауға тиіс. ХВҚ атқарушы комитеті бұл мәселе бойынша шешімді сәуір айында қабылдамақ.