Киелі мекен» деректі фильмі халықаралық байқаудың арнаулы дипломына ие болды

Қазақстан алғаш рет деректі фильмдердің халықаралық фестиваліне қатысты. Ол жыл сайын француздық Канныда өтеді.

Еліміз тарапынан ұсынылған туынды «Бәйтерек» корпоративті қорының тапсырысымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған еді және ол «Үздік деректі фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік саундтрек» атты бірнеше конкурста аталып өтті. Бұл еңбек байқау қазыларының арнаулы дипломымен аталды.

Айта кетейік, «Cannes Corporate Media & TV Awards» байқауына биылғы жылы 660 жұмыс ұсынылды.

«Нақты адамдардың тағдыры арқылы Қазақстанның басты жетістіктерін баяндай отырып, біздің басты ресурс - бұл еліміздің адамдары екенін, олардың кәсібилігі мен өмірді жақсартудағы ұмтылысын түсінеміз. Бұл фильмнің негізі деп айтсақ болады», - дейді туындының режиссері мен продюсері Бауыржан Жансейітов.