Киев Майдан қалдықтарынан тазартылып жатыр


Өйткені жайына жүрмей, тазалау шарасына қарсылық білдіргендер де болды. Олар наразылық ретінде көлік дөңгелектерін жаппай өртеді. Тіпті арасында әскерилермен доқ көрсетіп, тас атқандары да болды. Айта кетсек, ел билігі Украина астанасында бір жылдан астам уақыт тұрған шатырларды алып тастауға бұған дейін де сан мәрте оқталған еді. Бірақ оған қарсы тарап кедергі келтірді. Әзірге бүгінгі қақтығыстан қанша адамның зардап шеккені беймәлім. Сондай-ақ, бүгін НАТО өкілдері Украинадағы ахуалға қатысты кезекті мәлімдемесін жасады. Онда халықаралық ұйым ресми Мәскеуге кеңес берген. Яғни олар егер Ресей бүлікшілерге жасырын қару-жарақ жеткізуін доғарса, соғыс аяқталауы мүмкін деген ұстанымда.