"Біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдауға дайынбыз, біз осы жолдан жүріп өттік, бірақ бұл біз үшін сара жол болған жоқ, қиындыққа толы болды", - деді В. Ющенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
"Бірақ біздің екі жақты қарым-қатынасымыз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінен ұтпаса, ұтылмайды", - деді Украина президенті.