Киев Украинада әскери қимылдарға қазақстандықтардың қатысуын растаған жоқ


"Біздің украиналық әріптестеріміз әзірге Украинада әскери қимылдарға қазақстандықтардың қатысуын растап отырған жоқ” деді Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Астанада жұмада халықаралық ғылыми-практикалық конференция арасында журналистерге.
Сонымен қатар А.Кравченко Қазақстан бас прокуратурасында ондай әрекет жасамақ болғандар туралы мәліметтер бар, деді. “Ондағы іс-қимылдарға қазіргі уақытта қатысу қылмыс болып саналады, ондай адамдар әшкереленіп жатса, олар заңға орай жазаларын алады”, деді ол.