Киевте шерушілер сатқындық жасаған коммунистерді елден қууды талап етті


Қолдарына ұрандатқан жазбаларды алған мыңдаған адам таң атпастан Жоғарғы Раданың ғимаратына бет алды. Барлығы да коммунистерді алдағы сайлауда парламент құрамына өткізбеуді талап етуде. Айтуларынша, биыл елде болған төңкерісте коммунистер Украинаның дербестігіне күмән келтіріп сатқындық жасапты. Парламент ғимаратына кіруге ұмтылған ел тәртіп сақшыларымен қақтығысып та қалған. Шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданылуда. Қақтығыс басталған кезде Украина президенті Петр Порошенко дәл осы ғимаратта елдің жаңа Қорғаныс министрі Степан Полторакты таныстырып жатқан  болатын.