Хабарламаға сүйенсек, мергендер мен радикалды бағыт ұстанған наразы топ мүшелері ішкі істер органдары қызмткерлеріне оқ атқан.
«Қарусыз милиционерлердің оқ жауған алаңнан шығуына мүмкіндік беру үшін қару қолданылды. Көмекке келген құқық қорғау қызметкерлері «Милиция туралы» заң талаптарына сай әрекет етті», - делінген хабарламада.
Украина ІІМ хабарлауынша, қазіргі сәтте оқ тиіп жараланып, ауруханаға жеткізілген құқық қорғау қызметкерлерінің саны 130-дан асады. Тағы 13 милиционер көз жұмған.