49 жастағы тұрғын ақбөкеннің мүйіздерін қорасына жасырыпты. Қостанайға алып барып, әр келісін 50 мың теңгеге сатпақ ойы болған. Тәркіленген айғақтардың жалпы салмағы 10 келіге жуық. Еліміздің бірқатар өңірінде дала жануарының жаппай қырылып қалғаны белгілі. Сол жағдайды пайдаланып, мүйіз өткізбек болған Амангелді ауданының оныншы тұрғыны. Бұған дейінгілер бір жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Ал ақбөкеннің мүйіздері толық жойылды.
Диас Самағұлов, облыстық ІІД жедел уәкілі: - Күдіктінің айтуынша, ол өлген киіктердің мүйіздерін кесіп алып, жинаған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы тиіс, - деп хабарлайды 24.kz