Киіктер неге қырылды ?


Жануарлардың қырылуы жөнінде барлық мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жедел хабар берілді.

Қазір Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігінің Орман және аңшылық ша­руа­шылығы комитетінің бағынысты қыз­меттерінің мамандары Биоқауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты және Қа­ра­­ған­ды облыстық ветеринария қыз­ме­тімен бір­лесе отырып, киіктердің қы­ры­­лу аума­қ­­­­­­­­тарын тексеру, орын алған оқи­­­ғаның ауқы­­мын және себептерін анық­тау шара­ларын жүргізіп жатыр.

Қоршаған ортаны қорғау минис­трлігінде шұғыл кеңес өткізілді. Киік­тер­­дің жаппай қырылу себептерін анық­­­тау мақсатында Орман және аң­шы­лық шаруашылығы комитетінің төр­­ағасы Бағдат Азбаевтың басшы­лы­ғын­дағы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ­қа мүдделі мемлекеттік органдардың (Қарағанды және Ақмола облыстық экология департаменттері, ветеринарлық қызметтер, төтенше жағдайлар, ішкі іс­тер департаменттері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі) өкілдері тартылды, деп хабарлады Қор­шаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.