Киіктерді келесі жылға дейін атуға болмайды

Дала жануарлары азайып бара жатыр. Сондықтан киікті атып, еті мен терісін пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды.

Жауапты министрлік киік популяциясының дамуын болжап, көшіп-қонатын жолын нақтылайды.

Ақбөкендер жайылатын аумақтарды зерделеу мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыра бермек.


Айта кетейік, дүниежүзілік киік популяциясының 90 пайызы Қазақстанда мекендейді.